RU
Емінің ақысын өтей алмаған науқасты дәрігерлер өлдіге балаған

Емінің ақысын өтей алмаған науқасты дәрігерлер өлдіге балаған

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Лакхнау қаласының тұрғыны Мохаммед Фуркан жол-көлік апатына түсіп, ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Жекеменшік клиниканың дәрігерлері емнің ақысын төлеуге мұршасы жетпеген пациентін өлдіге балаған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: amp.ibtimes.co.uk

Көрнекі фото: amp.ibtimes.co.uk

Мохаммад Фурканның туғандары оның емін барынша қаржыландырып тұрды. Алайда кеткен қаржының көлемі 10 мың долларды құраған кезде, туысқандардың ақшасы таусылған. Мұны білген жекеменшік клиника Мохаммадты өлдіге балап, қаралы хабарды жақындарына хабарлапты.

Қайғыдан құса болған отбасы жерлеу рәсіміне дайындықты бастап та кеткен. Алайда марқұмның денесі ауруханадан үйге жеткізілген кезде, ағасы Мохаммадтың аяқ-қолын әлсін қозғалтып жатқанын байқаған.

Мұны көріп, қуанған туысқандары оны басқа ауруханаға жеткізеді. Ол жердегі дәрігерлер Мохаммадтың бұған дейін, тіпті, өлмегенін айтқан.

Тірідей көміле жаздаған науқас қазіргі уақытта керек көмекті алып жатыр. Алайда болған жағдай қоғам арасында үлкен резонанс тудырды.

Пациентті өлдіге балаған жекеменшік клиникаға қатысты тергеу жұмыстары басталған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel