RU

Тоқаев алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын үкіметтің кеңейтілген отырысы 15 шілде күні өтетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Келесі дүйсенбіде президенттің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтеді. Біз қарапайым заттардың экономикасы мәселесін талқылаймыз. Әкімдер дайын болсын", - деді Мамин.

Еске сала кетейік, жыл басында үкіметтің кеңейтілген отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Күн тәртібінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі талқыланып, мемлекеттің экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі тиісті шаралар анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803707-tokaev-algas-ret-kimetti-keejtilgen-otyrysyn-tkizedi.html