Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бітіру кешіне ерекше костюммен келген ару желіде хит болды

Опубликовано:

Диплом табыстау сәтінде сахнаға понидің костюмін киіп шыққан бойжеткен қызу талқыға түсті. Қатарластарынан ерекшелене алған арудың видео әп-сәтте әлеуметтік желіде тараған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жұрттың көңілі көтерген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kazakhvideosy парақшасына пайда болды.

Кадрда кемпірқосақ түстес понидің костюмін киген ару марапаттау рәсіміне ерекшеленіп келген.

Желі қолданушылары арудың жаңашылдыққа ұмтылғанын атап өтіп, оны қолдай жөнелген.

"Жанындағы қыздардың көйлектері ойнамай қалды ғой", "Жарады, жаңашылдықты жаны сүйетін адамдарды жақсы көремін", "Бітіру кешін есте қаларлық етуге тырысқан секілді, жарады", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803728-bitiru-kesine-erekse-kostummen-kelgen-aru-zelide-hit-boldy/

pixel