RU
Жеті жасар сіңлісін өлімші етіп сабаған әпкесінің әрекеті жұртты шошытты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жеті жасар сіңлісін өлімші етіп сабаған әпкесінің әрекеті жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Назрань қаласындағы аурухананың біріне туысы сабаған жеті жастағы Аиша Ажигова түсті. Әпкесінің қолында тәрбиелеген кішкентай қыздың ауыр жарақат алғаны белгілі болды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ингушетия ішкі істер министрлігінің кәмелет жасына толмағандар бөлімшесі басшысының орынбасары Адам Мургустовтың мәліметінше, қызға күш көрсетіп жүрген 35 жастағы әпкесінің күйеуі полиция қызметкері болып жұмыс істейді.

Ол жеті жастағы Аиша Ажигованы туған анасы тастап кеткендіктен, туысы оны кемсітіп, қорлап келгенін атап өтті.

Бөлім басшысы 4 шілде күні кішкентай қыз ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскенін жеткізді.

Адам Мургустов кейінірек Аишаны Мәскеу қаласындағы балалар хирургиясына жібергенін айтты.

Дәрігерлердің сөзінше, қыздың қабырғалары мен омыртқасы сынған.

Аишаға ампутация жасалуы да мүмкін екенін хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
7
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel