RU
Денис Тен ісі: Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік колониясына қайтарылмақ

Денис Тен ісі: Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік колониясына қайтарылмақ

Рассказать Вконтакте

Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Бас прокурордың наразылығын қанағаттандырып, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруға қаулы етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруды және Алматы сотының бала тууына байланысты колония-қоныста мерзімін өтейтіндігі туралы шешімінің күшін жоюды талап етті.

Кассация шешіміне сәйкес Толыбаева жазасын өтеп жатқан колонияға оралады.

Айта кетейік, 2019 жылдың наурыз айында сотталушы Жанар Толыбаева баласын босануына байланысты орташа қауіпсіздік колониясынан ең төменгі қауіпсіздік колониясына ауыстырылған еді.

Ал оның қорғаушысы Амангелді Сариев баласының өмірге келуіне байланысты жазасын өтеуін кейінге қалдыруды сұраған.

Баланың әкесі Арман Құдайберген досы Нұралы Қиясовпен бірге әйгілі мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel