RU
Отандық жұлдыздар желіде хит болған челленджді жарыса орындауда (видео)

Отандық жұлдыздар желіде хит болған челленджді жарыса орындауда (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық өнер иелері де қазіргі уақытта желіде хит болған челленджді жарыса орындауда. Жұлдыздар көпшіліктен қалыспай, бөтелкенің қақпағын ашуға жаппай кірісіп кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ауыпбаев, Ернар Айдар, Бесбаев. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ауыпбаев, Ернар Айдар, Бесбаев. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Олардың арасында Ернар Айдар, Мейрамбек Бесбаев, "Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов, Жігер Ауыпбаев, Мақсат Рахмет бар.

Ернар Айдар хит видеоны түсірудің оңайға соқпағанын жасырмады.

"Оңай емес екен", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ, Жігер Ауыпбаев пен Ролан Қазретов челленджді айнытпай қайталап, қақпақты аяғымен теуіп ашқан.

Мейрамбек Бесбаев көпшілік секілді қақпақты теуіп ашпаған. Аттың үстінде шауып келген әнші бөтелкенің аузын қамшымен ашады.

Сонымен бірге, аталмыш челледжді жалғап, көпті тәнті еткендер қатарында Мақсат Рахмет те бар. "Алашұлы" тобының солисті желіні жулаған әрекетті мүлтіксіз қайталаған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын өнер иелері он жыл бұрынғы суретін желіге жүктеп жарысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel