RU

Көлгінов Нұр-Сұлтандағы екі басшыны жазалады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қолжетімді тұрғын үй құрылысын белгіленген мерзімде аяқтамаған екі басқарма басшысын жазалады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көлгінов Нұр-Сұлтандағы екі басшыны жазалады
Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz: UGC

Елорда әкімі сөз еткен объектілер Қошқарбаев 80/2 және Іле 30/1 көшелеріндегі мекен-жай бойынша орналасқан.

Анықталғандай, тұрғын үй мұқтаж азаматтарға арналған.

"Ескертулерді жоймаған жағдайда бұдан да қатаң шара қолданатын боламыз" , - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803776-klginov-nr-sltandagy-eki-bassyny-zazalady.html