RU
Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыдағы көшенің ашылуында кездесті (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыдағы көшенің ашылуында кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, тоғызыншы шілде күні Алматыда бұған дейін Садовая деп аталған көшенің салтанатты түрде ашылуы болып өтті. "Мамыр" ықшам ауданындағы көшеге енді башқұртстандық және кеңестік ақын, жазушы әрі драматург Мұстай Кәрімнің есімі берілді. Оның ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тастмағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иманғали Тасмағамбетов пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Иманғали Тасмағамбетов пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын аса маңызды оқиғамен құттықтады.

"Енді Мұстай Кәрімнің есімі біздің елдің мәдениет тарихына мәңгіге жазылды. Бұл бауырлас башкириялық халықтың жарқын өкілі мен оның аса бай мұрасы мен әдеби шеберлігіне деген құрмет болып табылады.
Бүгін Алматыда өткен шара Қазақстан мен Ресейдің, Башқұртстан мен Алматының арасындағы халықаралық қатынастардың дамуына үлкен серпіліс беретініне сенімдімін" , - деді Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Башқұртстан Респуликасының үкімет аппаратына қарасты мәдениет, мұрағат істері мен конгресстік шараларды өткізу бөлімінің жетекшісі Энже Вернигора Қазақстан Республикасының үкіметіне алғыс білдірді.

"Бүгінгі іс-шара башқұрт халқы үшін ғана емес, қазақстандықтар үшін де аса маңызды болса керек. Біз үшін Башқұртстан ақынының бұл мерейтойы басқа бұрынғы кеңестік елдерде тойланып жатқаны қуантады.
Әрине Қазақстан Республикасының үкіметіне, елшілігіне, Алматы қаласының әкіміне алғыс білдіреміз. Мұндай салтанатты шараның ұйымдастырылуы бізді шынымен де қатты қуантты" , - деді Вернигора.
Темірболат Кәрімов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Темірболат Кәрімов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мұстай Кәрімнің немересі Темірболат Кәрімовтың айтуынша, атасының қазақстандық достары көп болған.

Олардың қатарында Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов және тағы да басқалары бар.

"Бұл жыл - біздің отабсымыз бен барша Башқұртстан үшін аса ерекше. Бұл Мұстай Кәрімнің жүз жылдығы. Бүгінгі қуанышты күн біздің үлкен бақытымызды одан бетер еселей түсті.

Мұстай Кәрім Қазақстанды жақсы көрді. Алматыға келгенді жақсы көрді. Бұл жерде оның көптеген достары - танымал ақын-жазушылар тұрды.

Оларды аса берік бауырлас байланыс, өмірге деген көзқарас пен оқырман алдындағы жауапкершілікті сезіну байланыстырды. Бүгін ақынның рухы бізбен бірге. Ол бұл әсем, керемет әрі рухани қалаға келуді жақсы көретін еді" , - деді Кәрімов.
Бақытжан Сағынтаев пен Темірболат Кәрімов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бақытжан Сағынтаев пен Темірболат Кәрімов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мұстай Кәрім - танымал башкириялық ақын-жазушы әрі драматург. Ол 1919 жылы 20 қазанда Башкириялық Автономды СКР-де дүниеге келді. Ол “Біздің үйдің қуанышы” повесін, “Көктем дауысы”, “Өзендер сөйлейді”, “Алыста қалған жағалар”, “Жылдар ізімен” атты туындыларымен танылған. Ақынның құметіне Мәскеу мен Уфа қаласында көше ашылды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel