Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне кино әлемінің есігі жабылғанын жайып салды

Опубликовано:

Тұңғышбай Жаманқұлов басына күн туған сәттен кейін өзіне кино әлемінің есігі "тарс жабылғанын" және белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетовке не үшін ренжігенін ашып айтты деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан кадр
Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан кадр: Instagram
"Кино жағынан ұяттымын. Ол әлемнің есігі маған тарс жабылды. Бәлкім енді ол объективтік оңтайлы шаруа болар. Мүмкін менің келбетім жұртты жалықтырған болар.

Бұрынғы досым бар. Сатыбалды Нарымбетов деген режиссер. Қазір де бар ғой ол. Аман болсын!

Сол: "Жылтың-жылтың етіп, бетіңіз күнде көріне береді экраннан. Ал киноға жаңа бет-әлпет, жаңа актерлер керек" деп көңілімді бір қалдырған. Адамгершілік, достық жағынан да көңілімді қалдырған тұстары бар. Ол досыма тек амандық тілеймін.

Әрине, оның уәжімен келіспеймін. Мықты актерлер кез келген кезде сұранысқа ие. Бұл жәй сылтау ғой", - деп ағынан жарылды актер.

Сондай-ақ, Тұңғышбай Жаманқұлов кино әлеміне түсуге жұбайының да қорқынышпен қарайтынын жасырмады.

"Қазіргі киноға түспей жүргенімнің, міне себеп-салдары осындай. Маған осылайша кино әлемінің есігі тарс жабылды. Мен түгілі үйдегі жеңгең де қорқады. "Бәлеге қалармыз" деп шошиды", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803786-tgysbaj-zamanklov-zine-kino-lemini-esigi-zabylganyn-zajyp-saldy/

pixel