RU

6 шілдедегі митингтер: ІІМ арандатушы азаматтардың видеосын көрсетті

ҚР ІММ алтыншы шілде - астана күнінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг өткізу әрекеттері көрініс тапқан видеоны жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Құзырлы орган санкцияланбаған наразылық шарасының кейбір қатысушылары жолды жауып, көлік кептелісін тудырмақ болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік заңсыз митингтерге қатысқан жүздеген адамдардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Олардың ішінде 44 адам әкімшілік тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылған. Тізімдегі 19 адам тұтқындалса, 23 тұрғынға айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803808-6-sildedegi-mitingter-iim-arandatusy-azamattardy-videosyn-krsetti.html