Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жітіқарада күйеу жігіт той алдында жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Жітіқарада 29 маусым күні болған жол апатынан зардап шеккен күйеу жігіт ауруханада көз жұмды деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz: UGC

Жол апаты болған кезде көлікте төрт адам болған: 19 жастағы қалыңдық, 21 жастағы күйеу жігіт, 23 жастағы қалыңдықтың туысы мен 32 жастағы көлік жүргізушісі. Анықталғандай, көлік тізгініндегі ер адам Әзірбайжан азаматы болып шыққан.

Үшінші шілде күні жол апатынан алған жарақаттары салдарынан ауруханада 23 жастағы жігіт көз жұмды.

Сегізінші шілде күні күйеу жігіттің де қайтыс болғаны белгілі болды. Бұған дейін, оның аса ауыр жағдайда, жасанды тыныс алу аппаратымен жатқаны хабарланған болатын.

Аурухана өкілдері жас жігіттің өлімін растап, Жітіқара емханасының дәрігерлері оның жанын алып қалу үшін барын салғанын айтты.

Олар облыстағы әріптестерімен үнемі ақылдасып тұрған. Себебі, науқасты Қостанайға апару оның алған жарақаттары ауырлығының салдарынан мүмкін болмаған.

19 жастағы қалындық әлі де ауруханада жатыр.

Жол апатынан көлік жүргізушісі бәрінен де ең аз зардап шекті. Ол қолын жарақаттап, миы шайқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803819-zitikarada-kjeu-zigit-toj-aldynda-zol-apatynan-kaza-tapty/

pixel