RU
"Маса жеп қойды": Астана күніне келген қонақтар шыбын-шіркейге таланып қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Маса жеп қойды": Астана күніне келген қонақтар шыбын-шіркейге таланып қалды

Рассказать Вконтакте

Елордаға бас қала күнін атап өтуге келген қонақтар масаға жем болдық дейді. Шыбын-шіркей әсіресе қонақтар қыдыруға көп баратын қаланың сол жағалауында көп екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru

Көрнекі фото: Life.ru

Бас шаһарға қала күнін атап өтуге келген меймандар елордада күні бүгінге дейін маса көп екендіктерін алға тартты. Қала қонақтары әкімдікті аталмыш мәселені тездетіп жоймаса, шетелден келетін қонақтардың алдында ұятқа қаламыз деді.

"Балам қаланың сол жағалауындағы тұрғын-үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрады. Өзіміз Тараздан келдік. Жылда осы астана күніне шақырғанымен, үйдің шаруасынан келе алмай қалатынбыз.

Биыл осы мерекеге бірінші рет келіп тұрмыз. Ұлым мен келінім ботаникалық бақ бар деп, сол жерге алып барған еді.

Масаға таланғанымыз соншалық, сау жеріміз қалмады, үсті-басымызды жеп қойды. Бәрінен бұрын немерелеріме обал болды. Біреуінің тіпті құлағы ісіп кетті. Аллергиясы бар адамдарға өте қиын емес пе?
Шыбын-шіркейді уақтылы жойып отырмаса, шетелдіктердің алдында ұятқа қаламыз. Сол себепті, сол бақтағы тобықтан асатын шөптің көзін құрту керек, сондағы суды тазарту керек", - дейді қала тұрғыны.

Маса мен шыбын-шіркейден мезі болған тұрғындарға жаңа әкім Алтай Көлгінов желіде жауап беріп үлгерді. Ол:

"Тұрғындар тарапынан масаларды улауға қатысты шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады", - деп жазба қалдырған ол.

Сіздің реакцияңыз
2
4
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel