RU
Сұханбердиева сот отырысында 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алды

Сұханбердиева сот отырысында 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық № 2 сотында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева 4 баласы туралы айтып, көзіне жас алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Сот отырысының басында судья Бақытжан Есенов қатысушылардың барлық жеке мәліметін жазып алды.

Эльмира Сұханбердиева отбасы туралы айтып берді.

"Төрт балам бар. Үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те. Үшеуі кәмелет жасына толмаған", - деді ол.

Басылым осы уақытта вице-министр көз жасына ерік бергенін жазды.

Айта кетейік, бұрынғы мемлекеттік қызметкер пара алғаны мен қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айыпталды.

Сұханбердиева сот алдында кінәсін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, сотталушылар қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар болып шықты.

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
10
3
1
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel