Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдың өлеңін оқыған Тоқаев қос министрге және Димашқа эстафета жолдады (видео)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жолданған 9 жасар қазақ қызының эстафетасын жалғап, Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді оқыды. Бүлдіршіннің ұсынысын зор қуанышпен қабыл алған президент аталмыш эстфетаны екі министрге және әнші Димаш Құдайбергенге жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абайдың өлеңін оқыған Тоқаев қос министрге және Димашқа эстафета жолдады (видео)
Қасым-Жомарт Тоқаев. Скриншот: www.facebook.com: Facebook

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жария етті.

Ол Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдағанын мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Сондай ақ, Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады", - дейді Беірк Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803832-abajdy-lein-okygan-tokaev-kos-ministrge-zne-dimaska-estafeta-zoldady-video/

pixel