Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жүргізушісімен төбелескен жігітті көлік қағып кетті (видео)

Опубликовано:

Алматыда самокат айдаған жүргінші автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, оқиға орнынан қашуға ұмтылғанда көлік қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Видео ВКонтакте желісіндегі Я очевидец Алматы тобында жарияланды.

Оқиға Төле би мен Сейфуллин көшелері қиылысында орын алды.

Кадрдан самокатпен келе жатқан ер азаматтың автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын байқауға болады.

Бұған ашуланған қоғамдық көлік қызметкері жігітті жібермеуге тырысты.

Ал самокат иесі қашып кетуге талпынған.

Автобус жүргізушінің қолынан сытылып бара жатқанда оны көлік қағып кетті.

Болған жағдайға байланысты "City-Bus" басшылығы түсініктеме берді.

Компания жетекшісі Егор Жигловтың айтуынша, автобус жүргізушісі өз жолағымен келе жатқан.

"Ол жол ережесін бұзған жоқ. Аялдамаға тоқтағанда, самокат мінген жігіт салонға жүгіріп кіріп, жүргізушінің бетінен бір ұрған. Жүргізуші жаңағы жігіттің артынан бірге шыққан. Самокат мінген адам оқиға орнынан қашып кетпек болған. Абырой болғанда полиция шақырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қызметкерімізге қол көтергені үшін полицияға арыз жаздық", - деді "City-Bus" басшысы.

Ол соққыдан автобус жүргізушісінің тісі түсіп қалғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803833-almatyda-avtobus-zrgizusisimen-tbelesken-zigitti-klik-kagyp-ketti-video/

pixel