RU
Қарсыласын 14 секундта сұлатқан Қанат Ислам әлемдік рейтингке қайта оралды
Жаңалықтар Қоғам

Қарсыласын 14 секундта сұлатқан Қанат Ислам әлемдік рейтингке қайта оралды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам BoxRec.com порталының әлемдік рейтингіне қайта енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпқой бокстағы 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін отандасымыз супер орта салмақта 88.69 ұпаймен 1561 кәсіпқой боксшы арасында 35-орынға жайғасты.

Сонымен қатар ол өз салмағында қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында көш бастап тұр.

Еске салайық, Қанат Ислам екі жылға жуық үзілістен кейін 5 шілде кәсіпқой рингке қайта оралып, доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты 14 секундта нокаутқа түсірген еді.

Сөйтіп 34 жастағы қазақстандық боксшы орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel