RU
Білім гранты иегерлерінің есімі қашан белгілі болады
Жаңалықтар Қоғам

Білім гранты иегерлерінің есімі қашан белгілі болады

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігі биыл 54 мыңға жуық білім гранты бөлінгенін хабарлады. Сонымен қатар министр грант иегерлерінің есімі белгілі қашан белгілі болатынын айтты деп жазады Хабар24.

Көрнекі фото: grantist.com

Көрнекі фото: grantist.com

Осы жылы 54 мыңға жуық білім грантынан бөлек көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант қарастырылған.

Ол үшін ұлттық университеттерге түсуге ниетті талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең кемі 65 балл, ал педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша мамандық таңдайтындар 60 балл, басқа жоғары оқу орындарында оқитындар 50 балл жинауы тиіс.

Министр Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, тамыз айында грант иегерлерінің есімі белгілі болады. Ең көп грант осы жылы техникалық мамандықтар арасында үлестірілмек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel