RU
БАҚ: Жамбыл облысында полицейді пышақтап, өртеп жіберген
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Жамбыл облысында полицейді пышақтап, өртеп жіберген

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы Шу ауданында Қордай АПБ жергілікті полиция қызметіндегі инспектордың өртенген денесі табылды. Бұл туралы Экспресс-К басылымы мәлімдейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Басылымның мәліметінше, жантүршігерлік оқиға жайлы полицияға әйел адам хабарлапты. Азаматша аты-жөнін айтпауды жөн көрген.

Арнайы жедел топ бірден оқиға орнына шығып, Жайсан ауылының маңында әріптесінің күйіп қалған денесін анықтаған. Оған қоса, тәртіп сақшысының жүрек тұсына пышақ жарақаты жасалған.

Марқұмның жеке және қызметтік куәлігі, жеке заттары, ақша және ұялы телефоны өзімен бірге болған.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қылмысты ашуға барша құқыққорғау органдарының күштері жұмылдырылған.

Облыстық полиция әзірге қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз
1
5
3
10
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel