Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзге елдерден келген қазақ диаспора өкілдерінің балалары Қазақстан қалаларын аралады

Опубликовано:

9 шілде елордада Қазақстан бойынша тоғыз күн бойы саяхат жасаған 200 баланы қарсы алды: «Туған елге саяхат» Балалар туристік пойызы» жобасының 2019 жылғы маусымының екінші сапары аяқталды.

самрук

Пойыз Нұр-Сұлтан қаласына келісімен екінші сапардың салтанатты жабылуына орай балалардың өздерінің қатысуымен арнайы концерт ұйымдастырылды, сонымен қатар, концертте сапар барысында өз таланттарын аша білген балалар да өнер көрсетті.

Ең белсенді қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Балалар дәстүрлі флешмоб биін көрсетумен қатар, достары мен ұйымдастырушыларға өз тілек-ниеттерін білдірді, ал ұйымдастырушылар қатысушыларға өздерінің естелік сыйлықтарын табыстады.

самрук
Бұл жолғы сапардың өзіндік ерекшелігін атап өткен жөн, себебі, бұл сапарға қазақстандық балалармен қатар Қырғызстан, Ресей және Белорусия сияқты көрші елдерден келген жас қатысушыларда аттанды.

Олардың барлығы сапар барысында ауысып отырған Қазақстан табиғатының сұлулығына тамсанып, таң қалғандарын атап өтуде.

Тур барысында балалар Нұр-Сұлтан, Тараз, Байқоңыр қалаларында болып, Балқаш көлін көріп, оңтүстік астана –Алматының сұлулығын тамашалап қайтты. Балалар әр қаланың тарихымен тереңірек танысып, жаңа достар тауып, сапар барысында түрлі үйірмелер мен мастер-класстарға қатысып, уақыттарын қызықты өткізді.

самрук
«Алматының таулары өте әдемі. Ал Байқоңырда ракета ұшырғанымыз есімде жақсы сақталып қалды. Барлығы өте қызық болды», - деп Самара қаласынан келген Самат саяхаттан алған әсерімен бөлісті.

Балалардың айтулары бойынша, елордада оларға бәрінен де Назарбаев Университетіне ұйымдастырылған экскурсия мен ЭКСПО көрмесі ұнаған.

Шет елдерден келген қонақ балалар Нұр-Сұлтан қаласының соншалықты үлкен және заманауи қала екенін күтпегендерін айтты. Байқоңырда балалар «Қорқыт Ата» мемориалды кешеніне барып, ракета үлгісін ұшырды.

самрук

Ал Тараз қаласы қатысушыларды өз тарихымен тамсандырды, балаларға бұл қалада ең қатты ұнағаны Айша-Бибі және Қарахан кесенесі болды.

«Маған мұнда болып жатқанның бәрі ұнады. Қазақстанның тарихын зерттеу маған қызық болды, мен енді бұдан да көп жерлерді аралағым келеді. Біз Көк-төбеге көтерілгенде мен отырып маңызды бірдеңе туралы ойлағым келді. Ол жердің атмосферасы ерекше. Дәл сол сәтте мен бұл менің Отаным екенін түсіндім», - дейді Омбы қаласынан келген қонақ Мейрам.

Жобаның 2019 жылғы маусымының соңғы сапары 1 тамызға жоспарланып отыр.

самрук

Онда тағы 200 бала «релстегі жылжымалы лагерде» өз қатарластарымен ұмытылмас тоғыз күнді бірге өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы» жобасының алғашқы маусымы басталған болатын. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803882-zge-elderden-kelgen-kazak-diaspora-kilderini-balalary-kazakstan-kalalaryn-aralady/

pixel