RU
Атырауда алты жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда алты жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының инфекциялық ауруханасына 4 шілде күні 6 жастағы қыз бала ауыр жағдайда түсті. Дәрігерлер оған желшешек диагнозын (ветряная оспа) қойған. Қыз бала 24 сағаттан соң көз жұмды деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Дәрігерлер балада желшешектің белгілерін анықтап, жедел емдеуге кіріскен.

Бірақ инфекция сәбидің барлық ағзасын жайлап үлгеріпті. Соның салдарынан қыз бала бір тәулікке жетпей көз жұмды.

Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Мамандардың пікірінше, Софияның ағзасында ауруға қарсы иммунитет өте әлсіз болған.

"Балаға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, жансақтау бөлімшесінде жасанды тыныс алу аппаратына салынды. Түскен мезгілден бастап балаға қажетті ем-шаралар жүргізілді. Шокқа қарсы және негізгі ауруына қарсы емдеу шаралары жүргізілді. Бірақ осы емдеу шараларына қарамастан баланың жағдайы оң динамика берген жоқ", - деді 2 облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Надя Ерғалиева.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel