RU
Алматы маңында бұзылып, жол шетінде тұрған көлікті КамАЗ қағып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы маңында бұзылып, жол шетінде тұрған көлікті КамАЗ қағып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

9 шілдеден 10-ына қараған түнде Қапшағай тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз жасар қыз қаза тауып, тағы жеті адам түрлі жарақат алды деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Басылымның мәліметінше, Toyota Previa Алматы бағытында жүріп келе жатқан.

Тас жолдың 37 шақырымында көлік дөңгелегінің желі шығып кетіп, жүргізуші тоқтауға мәжбүр болады. Ол дөңгелекті ауыстырмақ болып, көлік жанына арнайы белгі мен апатты сигналдарды орнатқан.

Көліктегі жолаушылардың бірі оған ұялы телефон көмегімен жарық түсіріп, көмектесіп тұрыпты.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Бірер уақыттан соң, жүргізушіге көмектесіп тұрған әйел бір көліктің үлкен жылдамдықпен оларға қалай жүйіткіп келе жатқанын айтады.

Ескерту белгілеріне қарамастан дөңгелегінің желі шығып кеткен көлікке КамАЗ келіп соғылған.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Жойқын соққы салдарынан Toyota көлігінің сырты мен төбе жағы жұлынып кеткен.

Жантүршігерлік жол апаты салдарынан тоғыз жасар қыз қаза тапты. Тағы жеті адам түрлі жарақат алған.

Оларды жедел жәрдеммен бірден ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда екі жолаушы аса ауыр жағдайда жатыр.
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Жапониялық көліктің жүргізушісі уақытылы шетке шығып кеткендіктен зардап шекпеген.

Жүк көлігін тізгіндеген азамат болса жолдың шетінде тұрған темір тұлпарды көрмей қалғанын айтты.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Сіздің реакцияңыз
0
1
11
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel