RU
Instagram үшін акуламен суретке түскен модель қолынан айырыла жаздады

Instagram үшін акуламен суретке түскен модель қолынан айырыла жаздады

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын модель Катарина Заруцки Instagram желісіндегі оқырмандарын таңғалдыру үшін акулалармен суретке түсуді шешкен. Багам аралдарын мекендейтін су жыртқыштары адамдар үшін қауіпті болмағанымен, аяқ астынан бойжеткенге шабуылдап, қолынан тістеп алды деп жазады bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/katarinazarutskie

Фото: Instagram/katarinazarutskie

19 жастағы Катарина Instagram-дағы оқырмандарына фотосессия кезінде акула шабуылдағанын айтты.

Ол фотосуреттер күшті шыққанымен, жараны емдеуге біршама уақыт кеткенін жасырмады.

Катарина Майами университетінде оқиды.

Ол бос уақытын саяхат жасауға арнайды.

Бойжеткен Багам аралдарына бір ай бұрын жігітінің достары және жанұясымен бірге барған.

Ол адамдар үшін қауіпсіз болып саналатын акулалармен суретке түскенде, су жыртқышының шабуылына тап болған.

"Акула менің білегіме тап берді. Мен жыртқыш тістерінің денеме кіріп жатқанын анық сездім", - деді модель.

Осыдан кейін Катарина тез арада жақын жердегі ауруханаға барғанын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
10
8
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel