Қос ұлымен бассейнде жүрген Айқын көпшілікті сүйсінтті
Опубликовано:
Тұңғыш және кіші ұлымен демалыс өткізген Айқын Төлепбергенге желі қолданушылары ризашылығын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балаларымен түскен суретті әншінің өзі Instagram парақшасына жариялаған.
"Ұлдарым! Қанаттарым менің! Аңсар мен Санжар", - деп жазды Айқын.
Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл ісіне қолдау білдіріп, жағымды пікірлерді қарша боратқан.
"Балаларыңыз аман болсын", "Өте керемет", "Балаларды бөлектетпеңіз", " Ер адам ғой. Балаларын тəрбиелегені, қыдыртып, бірге жүргені дұрыс. Жарайсың, Айқын! Бақытты бол. Алла отбасыңнан айырмасын!".
"Айқынға рахмет! Кейбір ажырасқан ер адамдар балаларын танымай кетеді ғой", "Аллам денсаулық берсін", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803903-kos-lymen-bassejnde-zrgen-ajkyn-kpsilikti-sjsintti/