RU
Президентке эстафета жолдаған бүлдіршін танымал әншінің қызы болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Президентке эстафета жолдаған бүлдіршін танымал әншінің қызы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді оқыған Қасым-Жомарт Тоқаевтың эстафетаны кімнен қабылдағаны белгілі болды. Мемлекет басшысына эстафетаны жолдаған бүлдіршін дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидің қызы болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ләйлім-Шырақ есімді қызының жолдаған эстафетасын президенттің бірінші болып қабылдағанына қатты қуанған әкесі Facebook желісінде Тоқаевқа алғыс білдірді.

"Дәл қазір мен әке ретінде ерекше толқып, шаттанып отырмын. Себебі, осыдан бір аз уақыт бұрын Ләйлім қызым, Шынар Шәкен бастаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасын президентіміз Қасымжомарт Кемелұлына, ақпарат министрі Дәурен Абаевқа және әнші Сәкен Майғазиев ағаларына жолдаған еді.

Мен қызымның бұл эстафетасын ағаларымыздың аттарын белгілеп желідегі парақшама салғанмын. Енді міне, эстафетаны алғашқы болып президентіміз жалғады. Осы бастаманы қолдап, баланың көңілін жықпай, эстафетаны қабыл алып жалғаған президент Қасымжомарт Кемелұлына көп-көп алғыс айтамын.

Рас, президентіміздің эстафетаны қабыл алып жалғастыруы күтпеген тосын сый болды. Енді бұл мәңгіге жанұямыздың тариxында ерекше жылылық пен шаттық сыйлаған сәт болып қалары сөзсіз!

Әрі Абайдай кемеңгер бабабымыздың шығармашылығын ерекше қадірлейтін әдебиет пен өнер сүйер қауымның да көңілін серпілткен дүние болды.

Осы игі шараның өміршең болуына атсалысып, қол созған ағам Берік Уәлиге мың алғыс білдіремін" , - деп жазды Ерлан Рысқали.

Айта кетейік, бұған дейін Абайдың өлеңін оқыған Тоқаев қос министрге және Димашқа эстафета жолдағанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
7
4
1
0
1
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel