RU
Эльмира Сұханбердиева сот залынан босап шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Эльмира Сұханбердиева сот залынан босап шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 10 шілде күні Нұр-Сұлтанда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваға қатысты сот шешім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

сұханбердиева

Эльмира Сұханбердиева. Фото: NUR.KZ

"Сұханбердиева кінәлі деп танылып, (...) оған көлемі 5,948,9 мың теңгені құрайтын 2500 АЕК көлемінде айыппұл салынсын.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет атқару құқығын өмір бойына шектеп, президенттік сыйлығы қайтып алынсын . (...)

Сот отырысы залында дереу қамаудан босатылсын", - деді судья.
Эльмира Сұханбердиева сот залынан босап шықты (фото)

Фото: NUR.KZ

Оның сыбайлас құрбысы Елена Шеверняеваға 1 242 300 теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.

Сот отырысы барысында Сұханбердиеваны қамаудан босатып, темір тордың ар жағынан шығарды.

Үкім заңды күшіне енгенге дейін айыпты әйел еш жерге шықпау туралы қолхатпен назарда болады.

Эльмира Сұханбердиева сот залынан босап шықты

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, бұрынғы вице-министр 6 маусым күні тұтқынға алынған болатын.

Экс-мемлекеттік қызметкер пара алғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айыпталды.

Сұханбердиева сот алдында кінәсін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, сотталушылар қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар болып шықты.

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді.

Эльмира Сұханбердиева сот залынан босап шықты (фото)

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
32
1
3
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel