RU
"Әділдік іздеп, шаршадық": Ақтөбе облысында көз жұмған қыздың анасы жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Әділдік іздеп, шаршадық": Ақтөбе облысында көз жұмған қыздың анасы жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында 19 жастағы бойжеткеннің туыстары полицейлердің істі дұрыс тексермей жатқанын айтып, шағымданды. Марқұмның мүрдесін жақындары ауылдағы бір үйдің моншасынан тауыпты. Сараптама қорытындысында бойжеткеннің газдан уланғаны жазылған. Бірақ жақындары мұнымен келіспей, мүрдеге эксгумация жасап, нағыз қылмыскерді тапсын деп отыр деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қайғылы жағдай осы жылдың сәуір айында Бадамша ауылында орын алған.

Сол күні Жұлдыз түнделетіп мейрамханадағы жұмысынан қайтыпты.

Бірақ, үйіне жептпеген. Қызының өлі денесі моншада жатқанын анасына күндізгі 11 шамасында жеткізген.

Оны монша қожайынының ұлы тауып алған.

Анасы ол жерге қалай барғаны, кіммен барғаны әлі күнге дейін жұмбақ болып отырғанын атап өтті.

Марқұмның туыстары қызды біреулер шақырып алып, қастандық жасады деп санайтындарын жеткізді.

Бойжеткеннің ағасы Марат Төлешовтің сөзінше, екі жарым ай өтсе де, еш нәтиже жоқ.

Ол тәртіп сақшылары дұрыс жұмыс жасамай отырғанын жайып салды.

Ағасы полиция қызметкерлері қылмыскерді іздегісі келмейтінін де ашына айтты.

Марқұмның анасы істің түсініксіз тұстары көп екенін тілге тиек етті.

Ол кінәні қызына артып, жеңіл жүрісті етіп көрсеткілері келіп отыр деп шағымданды.

"Олар қызымды өз ажалымен өлді деп, істі жылы жауып қойғылары келіп отырған шығар. Бірақ, менің жүрегім сезеді. Ешқандай газға уланбаған. Оны әдейі өлтірген. Қызымды жеңіл жүрісті қылып көрсеткілері келеді, ол ондай емес", - деді анасы Кенже Төлешова.

Жұлдыздың жақындары оның ақжарқын, пысық, оғаш қылығы жоқ болғанын айтады.

Төлешовтер полицияға да, прокурорларға шағымданғанын, алайда мардымды жауап алмағандарын жеткізді.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысының Бадамша ауылындағы жеке моншадан 19 жастағы cтуденттің денесі табылды. Cараптама қорытындысында қыз баланың газдан уланғаны айтылған. Марқұмның туыстары студенттің уланғанына сенбей отыр. Олардың сөзінше, қыздың жыныс мүшесі ыстық суға күйіп қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel