RU
"Жұмысыма жүз пайыз берілдім": Күмпекеев Павлодар жұртынан кешірім сұрады

"Жұмысыма жүз пайыз берілдім": Күмпекеев Павлодар жұртынан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласының экс-әкімі Ануар Күмпекеев Facebook желісіндегі парақшасында қала тұрғындарымен қоштасып, жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Ол 10 шілде күні қызметінен кететінін айтты.

"Павлодардағы жұмысым кезінде қаланың дамуына 100 пайыз берілдім", - деді экс-әкім.

Күмпекеевтың сөзінше, ол шаһарды басқарған уақытта негізгі мәселе - жылу жетіспеушілігін шешкен.

Бұрынғы әкім қызметте ашықтық, қолжетімділік, тиімділік принциптерін негізге алғанын жеткізді.

Ол қаланы цифрландыру, су жүйесін жаңарту, қоғамдық көліктерді ретке келтіру жұмыстары да жүргенін атап өтті.

Күмпекеев сенім артқан барлық тұрғындарға деген ризашылығын білдірді.

"Қолдау көрсеткен барлықтарыңызға алғыс айтамын! Туған қаламның және павлодарлықтардың өсіп-өркендеуін шын жүректен тілеймін! Сіздердің, Күмпекеев Ануарларыңыз", - деп сөзін аяқтады бұрынғы қала басшысы.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel