Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғарғы сотқа жүгінемін": Босап шыққан Сұханбердиева көз жасын әрең тыйды

Опубликовано:

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, сот залынан босап шыға сала журналистермен тілдесті. Шенеунік ақпарат өкілдеріне Жоғарғы сотқа жүгінетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эльмира Сұханбердиева сот залында. Фото: NUR.KZ
Эльмира Сұханбердиева сот залында. Фото: NUR.KZ: Original

Сұханбердиева "Жұмыссыз қалай күн көресіз? Немен айналыспақ ойыңыз бар?" деген сауалға былай деп жауап берді:

"Кәсіпкерлік, ұстаздық қызмет бар. Екіншіден, Жоғарғы сотқа жүгінетін боламын. Мен сот шешіміне шағым түсірмекпін" , - деді ол.

Шенеунік Жоғарғы сотқа тәркіленген екі iPhone X смартфоны мен 41 планшетті балаларға қайтару үшін де жүгінетінін жеткізді. Құрылғылар бүлдіршіндерге сыйлық ретінде берілу керек болған.

"Маған екі бап бойынша айып тағылды. Бірінші - қызметтік міндеттерді асыра пайдалану. Екіншісі - заңсыз кәсіпкерлік қызмет.

Бірінші бойынша, жемқорлық - адамның не өзіне, не өз жақындарына пайда іздеуі. 41 баладан тұратын тізім бекітілді. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі көпбалалы отбасыдан шыққан балалар мен жетімдер келіп, бір-бір кітаптарын алып кетті.

Жыл сайын біз оларға әрдайым сыйлық табыстаймыз. Мен, тіпті барша министрлік балалардың бұл планшеттерді алғанын қалады. Мен Жоғарғы сотқа жүгінетін боламын.

Балаларға арналған екі телефон мен планшеттер министр көмекшісінің сейфінде жатқан. Олар менің қолыма түскен емес. Заң осындай қатал.

Мен олардың мемлекет табысында қалып қоймай, заттай дәлелдер болып жатып қалмас үшін Жоғарғы сотқа жүгінбекпін. Мен жазамды алдым ғой. Енді балаларға телефондары берілсін" , - деді көз жасын әрең ұстаған Сұханбердиева.

Оған қоса, шенеунік "БҒМ-нің балаларға арналған планшеттерді сатып алып беруге қаржысы болмады ма?" деген сауалға жауап берді.

"Болған жоқ бізде. Ал бұл қорлықтар екі млрд теңгеден табыс табады" , - деді ол.

Айта кетейік, оныншы шілде күні Сұханбердиеваға алты миллионға жуық айыппұл тағайындалып, оны президенттің марапттарынан айырды. Бұдан кейін ол сот залынан босап шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1803931-zogargy-sotka-zginemin-bosap-sykkan-shanberdieva-kz-zasyn-re-tyjdy/

pixel