Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эстафета: Абай өлеңінен үзінді оқыған Аймағамбетов жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны әрі қарай білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жалғастырды. Ол Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Асхат Аймағамбетов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC
"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын", - деді ол.

Білім және ғалым министрінің жолдаған эстафетасын Республикалық Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының директоры Роза Сексенова жалғады.

"Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің алтын діңгегі болған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жолдаған екен.

Біз, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат ұжымы, бұл эстафетаны зор құрметпен қабыл алдық!

Данышпан Абай мұрасын дәріптеу арқылы біз ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуге атсалысудамыз", - деді оқу орнының басшысы.

Директор эстафетаны мектеп түлектері айтыскер ақын Серік Қалиевке, TAS Кредит компаниясының бас директоры Дулат Тастекеевке және "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахметке жолдады.

Айта кетейік, Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.

Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты.

Тоқаев эстафетаны қос министрге және Димашқа жолдағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803953-estafeta-abaj-leinen-zindi-okygan-ajmagambetov-zrtty-sjsinti/

pixel