RU
Байбек: Әкімдер халықпен кездеспесе, лауазымы туралы мәселе көтереміз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Байбек: Әкімдер халықпен кездеспесе, лауазымы туралы мәселе көтереміз

Рассказать Вконтакте

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Батыс Қазақстан облысындағы партия фракциясының жұмысына қатысты сын айтты. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген ол Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байбек: Әкімдер халықпен кездеспесе, лауазымы туралы мәселе көтереміз

Фото: instagram.com/baibekbk

Nur Otan аймақтық активімен кездесуде Бауыржан Байбек филиалдың барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракцияларымен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, партия өкілдері депутаттармен бірге әлеуметтік бастамалардың іске асырылуы мен бюджеттік қаражаттың қалай жұмсалатынын қатаң бақылауға тиіс екендігі айтылды.

Бірінші орынбасардың сөзінше, бастысы - адамдардың сенімі. Сол себепті, міндетті түрде кері байланысты күшейтіп, бір де бір өтінішті қараусыз қалдырмау керек.

"Қазір жергілікті жерлердегі фракциялардың жұмысы уақыт талаптарына сәйкес келмейді. Бір жартыжылдықта филиалда қала әкімінің орынбасарлары арасында бірде-бір азаматтарды қабылдау жүргізілген жоқ.
Егер қалалар мен елді мекендердің әкімдері мен орынбасарлары қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы адамдармен кездеспесе, партиялық тәртіп пен атқаратын лауазымына сәйкес келетін мәселе қоямыз", - деді Байбек.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel