Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтоты Райымқұлова жаңа орынбасарын таныстырды

Опубликовано:

Бүгін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұрқиса Дәуешов. Фото: primeminister.kz
Нұрқиса Дәуешов. Фото: primeminister.kz: UGC

Үкімет қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. 

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты.

Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 

2011-2013 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспекторы.

2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры қызметіне тағайындалды. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1803963-aktoty-rajymklova-zaa-orynbasaryn-tanystyrdy/

pixel