RU
Халыққа иіліп сәлем салған Мақпал Жүнісоваға ел риза болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Халыққа иіліп сәлем салған Мақпал Жүнісоваға ел риза болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзін күтіп алған тыңдармандары алдында иіліп сәлем салған Мақпал Жүнісоваға ел сүйсінді. Желідегілер әншінің қарапайымдылығына риза болғанын жарыса жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Инсайдерлердің мәліметінше, әнші Қарқаралы өңірінде қонақта болған.

Өнер иесі Instagram парақшасына жариялаған видеодан елдің әншіні шашумен күтіп алғанын байқауға болады.

Ал Мақпал Жүнісова өзіне ілтипат көрсетіп, шашу шашып қарсы алғандарға сәлем салды.

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығына сүйсініп, жағымды пікірдерін жаудырды.

"Өте керемет", "Сіздің қарапайымдылығыңызға тәнтіміз", "Басынан орамалын тастамай, сәлемін салып жүретіні керемет", "Халықтың ықыласына бөленіп жүре беріңіз".
"Жұрт осы қарапайымдылығыңыз үшін құрметтейді ғой", "Алла абыройыңызды асқақтата берсін", "Халық қадірі бар адамды осылай құрметтейді. Аман болыңыз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мақпал Жүнісоваға Меркідегі концерті кезінде аудан әкімі сахнаға шығып, кәжекей кигізген болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
2
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel