Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемімнің патшасы": Роза Әлқожа күйеуіне ән арнады (видео)

Опубликовано:

Роза Әлқожа бес баласының әкесіне ән арнады. Жұбайына жыр жолдарын жолдаған әнші сүйінші жаңалығын көпшілікке өзі айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өмірлік серігіне "Менің мөлдір әлемімнің патшасы" атты ән арнаған.

"Әр әйелдің өз патшасы бар. Күйеудің разылығында Алланың разылығы бар екен. Ол әйелі үшін ахиретте жауап беретін жауапкершілік иесі. Ол - өз отбасының әміршісі. Әдетте жігіттер нәзік жандарға әннің түр-түрін арнап жатады.
Біз де оларды патшаға теңесек артық емес шығар?! "Менің мөлдір әлемімнің патшасы" атты жаңа әнім жарық көрді. Әр келіншек өзінің ақ патшасына арнап айтуына болады", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Әлқожа Меккеге барып келгеннен кейін сахнаға жабық киіммен шығуға шешім қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804009-lemimni-patsasy-roza-lkoza-kjeuine-n-arnady-video/

pixel