Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда дәрігерлер ауладағы құдыққа құлап кеткен екі баланы аман алып қалды

Опубликовано:

Маңғыстауда 1 мен 3 жастағы екі бүлдіршін аулада тұрған құдыққа құлап түсіп, суға тұншығып қалды. Абырой болғанда балалардың екеуін де дәрігерлер аман алып қалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: lanaza.ru
Көрнекі фото: lanaza.ru: UGC

Маңғыстау обылысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 16:20 кезінде 1 жасар сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр халде түскен.

"2018 жылы туған сәби "суға тұншығу" диагнозы бойынша келіп түсті. Ата-анасының айтуынша, бала Сайын Шапағатов ауылында орналасқан үйдің ауласындағы су толы құдыққа құлап кеткен", - делінген хабарламада.

Ал осыған ұқсас тағы бір жағдай Мұнайлы ауданында орын алған. Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 2016 жылы дүниеге келген бұлдіршін ауыр халде жеткізілген.

"Оған да "суға тұншығу" диагнозы қойылды. Дәрігерлер дереу жансақтау бөліміне алып кетті. Бала 1 күн бойы ес-түссіз жатты. Қазір жағдайы тұрақталған. Ата-анасы баланы құдықтың ішінен тауып алған. Қанша уақыт онда жатқанын білмейді", - дейді баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804012-magystauda-drigerler-auladagy-kdykka-klap-ketken-eki-balany-aman-alyp-kaldy/

pixel