RU

Алдағы күндері елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

"Қазгидромет" РМК өкілдері 11-13 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 24tv.ua
Көрнекі фото: 24tv.ua: Facebook

Елімізде алдағы үш тәулікте ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Күндіз термометрдің сынап бағаналары плюс 30-38°С дейін, ал кей жерлерде 40…43°С дейін көтеріліп, орташа көпжылдық мәннен жоғары болады.
Тек батыста өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін, бірақ республиканың басқа аймақтарындағыдай сонда да ыстық", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804022-aldagy-knderi-elimizde-43-gradus-dejin-aptap-ystyk-bolady.html