RU
"Сағатпен дуалап алған": Күйеуі жас қызға кетіп қалған елордалық келіншек мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Сағатпен дуалап алған": Күйеуі жас қызға кетіп қалған елордалық келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Елордада үш баласы бар әйел күйеуінің көзіне шөп салып, жас қыздың соңынан кеткенін айтып берді. Он жыл отасқан жолдасынан әбден көңілі қалған келіншек, жас қыздың ұйып отырған отбасының шырқын бұзғанына әлі күнге дейін өкінеді екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық Мөлдір есімді келіншек бүгінде ағылшын тілі курстарынан сабақ беріп, күн көреді. Жасы отыз беске келгенде күйеуінің опасыздығын көрген ол, ендігі өмірін балаларына арнаймын дейді.

"Күйеуіммен студент кезімізде танысып, үш жыл қыз бен жігіт болып жүрген соң, үйленген едік. Сөйтіп үш балам дүниеге келіп, оларды өсіріп, бағып-қаққанша он жыл өте шығыпты. Жасырмаймын, бұрынғы күйеуім жақсы жерде жұмыс істеді. Содан болу керек, көп қыз көз салатын.

Қазіргі қыздар сондай емес пе? Өзінен неше жас үлкен ер адам болса да, ақша үшін бәріне барады. Әлгі қызды дәл солай еткен.

Мейрамханада сырттай көріп, ұнатып қалыпты-мыс. Сосын қай жерде жұмыс істейтінін біліп, сол жерге тәжірибеден өтуге келген. Ақыр аяғы басын айналдырып, ұйып отырған отбасымның шырқын бұзды. Әрине өзекті өртеген өкініш бар, бірақ болатын іс болды, демек басқа салған тағдырым сондай, ендігі өмірімді үш балапаныма арнамақпын", - деп налыды келіншек.

Сондай-ақ ол бұрынғы күйеуінің не себепті жас қызға көңілі ауғанын білу үшін, бақсы-балгерге барып, білгенін де жасырмады.

"Бақсы-балгердің талайының есігін тоздырдым. Балалар үшін кешіріп, тіпті қалай күйеуімді қалай да ұстап қалғым келді. Бірақ онымнан түк шықпады, балаларымның әкесі сол қыздың соңынан кетті.

Ал көріпкелдердің айтатыны, әлгі қыз оған сағат сыйлап, сол сағатпен дуалап алған көрінеді.

Дуаның әсері қатты болғаны соншалық, оны қайтара алмадық. Бір ұшы балаларыма келіп тиер деп, бәрін осылай қалдыруға бел будым. Ештеңеге өкінбеймін, пәтерім, көлігім бар.
Өзім ұнайтын іспен айналысамын. Қыз-келіншектер күйеулеріне беретін сыйлықтарға абай болса екен деймін. Себебі дәл сондай сыйлық, тәтті-дәмді беріп, қыздар ер адамдарды өздеріне қаратып алады екен", - деп әңгімесін аяқтады келіншек.
Сіздің реакцияңыз
1
5
0
29
4
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel