RU
"Эстафета": Абайдың өлеңін жатқа оқыған Райымқұловаға ел риза болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Эстафета": Абайдың өлеңін жатқа оқыған Райымқұловаға ел риза болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабыл алып, Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

"Елімізде шығыс пен батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғанын білесіздер. Күні кеше сол тізгінді мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан қабыл алдым", - деді министр.

Ақтоты Райымқұлова Абай жырларын жатқа оқу эстафетасын мен жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткерлеріне жолдады.

Еске сала кетсек, Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.

Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты.

Тоқаев эстафетаны қос министрге және Димаш Құдайбергенге жолдады.

Абай Құнанбайұлының өлеңін үзінді оқуды әрі қарай білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жалғастырды.

Сіздің реакцияңыз
8
1
1
1
1
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel