RU
Ләйлә Сұлтанқызы істі болған Сұханбердиеваға қолдау білдірді

Ләйлә Сұлтанқызы істі болған Суханбердиеваға қолдау білдірді

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы істі болған бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қолдау білдірді. Танымал тележүргізуші экс-шенеуніктің қандай адам екенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy

Фото: Instagram/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында Суханбердиеваға арнап арнайы жазба жариялаған.

"34-36 күнде жаңа кітап жазып шығу үшін адам қатты қиыншылықты бастан өткізген болар. Сизо мен түрменің қайсысы болса да оңай емес. Эльмира ханыммен қанша рет сапарлас болдым, сұхбат алдым, іс-шараларда жиі көрісетінбіз. Аңқылдақ, түзу, ашық, бетке айтатын мінезі бар. Саясат пен қызыметін қозғамаймын, әйел, ана ретінде қолдағым келеді.
Сізді отбасыңыз күтеді, ал біз кітабыңызды күтеміз. Бір есік жабылғанмен басқа есік ашылатыны заңды құбылыс... Мүмкін мықты бизнесвумен, мүмкін мықты издатель, мүмкін мықты жазушы боларсыз кім білсін... Бастысы аман болыңыз" , - деп жазды тележүргізуші.

Еске сала кетейік, кеше 5 маусым күні Ұлттық бюро Білім және ғылым вице-министрін тергеп жатқаны белгілі болған еді.

6 маусымда Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды.

Ол Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша пара алғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін айыпталған.

Сұханбердиева сот алдында кінәсін мойындады. 11 маусымда экс-вице министрге үкім шықты.

Сонымен қатар Суханбердиеваның қамауда отырған 34 күн ішінде кітап жазғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
22
0
0
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel