RU

Бұрынғы күйеуіне тіл тигізген әйел адам үш күнге түрмеге қамалды

Сауд Арабиясының соты бұрынғы күйеуін қорлаған әйелді үш күнге түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Saudi Gazette басылымының хабарлауынша, келіншек бұрынғы жолдасына Whatsapp, Snapchat және өзге әлеуметтік желілер арқылы тіл тигізген хабарламалар жіберген деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Fotolia / maticsandra
Көрнекі сурет: Fotolia / maticsandra: Twitter

Сот үкіміне сәйкес, әйел адам бес жыл бұрын ажырасып кеткен күйеуіне қатысты бейәдеп сөздер қолданған.

Оған қоса, сот келіншек жіберген хабарламалардан нәсілшілдік белгілерін анықтаған. Ол бұрынғы жұбайына оның қайдан шыққанын есіне салған.

Сонымен қатар, сотта айыпталушы әйел бұрынғы күйеуіне енді мұндай хабарлама жазбауға келісімін беретін құжатқа қол қоюға міндеттелді.

Келіншек хабарламалар жібергенін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804079-bryngy-kjeuine-til-tigizgen-jel-adam-s-knge-trmege-kamaldy.html