Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтан эстафета қабылдаған Димаш Крутойға Абай өлеңін оқытпақшы (видео)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алған Димаш Құдайберген ұлы Абайдың "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" өлеңін жатқа оқыды. Әнші эстафета кезегін Ақтөбе облысының әкімі мен Игорь Крутойға, сондай-ақ, барлық табынушыларына берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram
Фото: Видеодан кадр/ Instagram: Facebook

Өнерпаз видеосын өз Instagram парақшасында жариялаған.

"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой ағамызға және менің тыңдармандарым dears -тарға жолдаймын",- деді ол.

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804084-dimas-tokaev-zoldagan-estafetany-kabyldap-abajdy-lein-okydy-video/

pixel