RU
"Канело" әлемнің ең бай жұлдыздарының ондығына кірді

"Канело" әлемнің ең бай жұлдыздарының ондығына кірді

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес әлемнің ең бай жұлдыздарының ондығына кірді. Бұл туралы Forbes журналы ең табысты танымал тұлғалардың тізімін жариялағаннан кейін белгілі болды. Ауқаттылар тізімінде қазақстандық боксшы жоқ деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин. Фото с сайта firstclassboxing.com

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин. Фото с сайта firstclassboxing.com

Ең ауқатты жұлдыздардың көшін әллемге танымал әнші Тейлор Свифт бастады. Оның бір жылдық таза табысы 185 миллион долларды құраған.

Екінші орында әйгілі Ким Кардашьянның сіңлісі, модель әрі отбасылық реалити-шоудың қатысушысы Кайли Дженнер орналасты. Оның жылдық табысының мөлшері 170 млн долларға тең.

Үздік үштікті Кайлидің жездесі рэп орындаушы Канье Уэст тәмамдады. Ол бір жыл ішінде 150 млн доллар табысқа кенелетін болып шықты.

Спортшылар арасында ең табысты жұлдыз - "Барселона" футболшысы Лионель Месси. Ол жылына 127 млн доллар тауып, ауқаттылар тізімінде төртінші орыннан көрінді.

Ал Головкиннің бұрынғы қарсыласы Сауль Альварес бұл тізімде оныншы орынға ие болған. Оның бір жылдық табысы 94 млн долларды құрады.

Ал GGG-дің өзі болса ТОП-100-ге енбей қалды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel