RU
Таразда жаңа туған нәрестені перзентханадан ұрлап кеткен

Таразда жаңа туған нәрестені перзентханадан ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Таразда жаңа туған нәрестені перзентханадан ұрлап кеткен. Бұл қылмысты полицейлер екі сағаттың ішінде ашты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: langmdrt.com

Көрнекі фото: langmdrt.com

8 шілде күні Тараз полиция басқармасының Жедел басқару орталығына жас келіншек хабарласып, перинаталды орталықтан баласын ұрлап кеткенін хабарлаған.

"Баланы іздестіру операциясын Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаров басқарды. Қылмыстың ашылуына облыс орталығының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді қатысты, олардың күштерімен барлық бейнекамералардан материалдар зерттелді, ұрлаушы анықталды және перзентханадан кеткен соң оның қай жаққа қарай барғаны анықталды.
Жақын маңдағы барлық тұрғын үй секторы мен қонақ үйдің барлық нөмірлері тексерілді, олардың бірінде ұрланған сәби табылды", - деп хабарлады аймақтың ПД-да қылмыстың ашылуы туралы.

Ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылып, бала анасына берілді.

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны нәрестені ұрлады деген күдікпен ұсталды. ҚР ҚК-нің 135-бабы 2- бөлігі 1-тармағы (Кәмелетке толмағандарды, адамдар тобын сату, алдын ала сөз байласу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бап санкциясы мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазіргі таңда күдіктінің емізулі баласы бар екенін ескере отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда", - деп атап өтті полицияда.
Сіздің реакцияңыз
0
5
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel