RU
Ләйлә Сұлтанқызы ішінің майын сорғызғанына қатты өкінгенін жайып салды

Ләйлә Сұлтанқызы ішінің майын сорғызғанына қатты өкінгенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Ләйлә Сұлтанқызы "Қарақатпен шай" бағдарламасында арықтау үшін ішінің артық майды арнайы аппаратпен сорғызғанын мойындаған еді. Алайда тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында артық салмақтан арылудың осы жолын таңдағанына өкінгенін жасырмай айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір сұхбатымда "қарнымдағы майымды сорғыздым" деп айтқан өзім. Иә, ол рас. 2010 жылы шамамен бұл процедура 600 мың теңге болды. Неге мен оны жасадым?! Себебі менде басқа таңдау болмады! Артық салмағымның кесірінен депрессияға түстім. Стресті жеңу үшін тәтті жейтінмін. Өзімді жек көрдім.
Ешкім де, ешнәрсе де қызық емес. Диетадан шаршадым. Айнаға қараудан қалдым, сол сәтте менде басқа амал жоқ сияқты көрінді. Іздеп жүріп жасататын жерді таптым. Капсула арқылы сорғыздым. Екі-үш литр май дегенің -600 грамм болды ғой. Процедура оңай емес. Наркоздан кейін зорға өзіңе келесің. Арықтағаның көзге көрінбейді, бірақ XL киім өлшемінен L-ге ауыстым", - деп есіне алды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сондай-ақ тележүргізуші аппараттың көмегімен артық майынан арылғанымен, арада бірнеше ай өткенде денесінің басқа бөлігіне май жинала бастағанын айтты.

"Ең жаманы екі-үш айдан соң май алған жерге емес, жанына жинала береді екен. Сонда жасатқаныма қатты өкіндім", - деп Сұлтанқызы ағынан жарылды.

Сөз соңында тележүргізуші қыз-келіншектерге мұндай шешімді аса сақтықпен, ойланып барып қабылдауға кеңес берді.

"Сондықтан қыздар! Май сорғызу соңғы шешім болмауы керек", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы "Қарақатпен шай" бағдарламасында сұлулық үшін қандай құрбандыққа барғанын айтып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
16
3
1
5
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel