RU

Тағы Арысқа ат басын бұрған Мамин қалаға апта сайын келіп тұратындарын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Арысқа жұмыс сапарымен келген үкімет басшысы Асқар Мамин төтенше жағдай орын алған қаладағы жөндеу жұмыстарын апта сайын тексеріп тұратынын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұрағаттағы сурет. Фото: primeminister.kz

Мұрағаттағы сурет. Фото: primeminister.kz: Facebook

Премьер-министр Жамбыл облысының штабына берілген тұрғын секторына арнайы барып, халықпен кездесіп қайтты. Тұрғындар атынан сөйлеген бірнеше адам жамбылдықтардың жөндеу жұмыстарын жақсы жүргізіп жатқанын жеткізіп, мемлекет қамқорлығына алғыс білдірді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жергілікті жұртшылыққа қаланың әскери снаряд қалдықтарынан түгел тазартылатынын айтты.

"Көріп отырсыздар, бір айдың ішінде барлық жұмыс бітеді деген сенім бар. Апта сайын келіп, тексеріп тұрамыз" , - деді үкімет басшысы

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев аталмыш секторда 312 үйді жөндеу қажет екенін жеткізді. Одан бөлек, екі үйді жаңадан салып шығу керек.

"312 үйдің 90 пайызының шатыры жарамсыз күйге түскен. Біздің секторда 14 әлеуметтік нысан бар. Құрылысшыларды төрт топқа бөлдік. Олар екі мердігер ұйымның басқаруымен жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі таңда  312 үйдің 21-інде жөндеу аяқталды. Бірінші кезекте шатыры бүлінген үйлерді қалпына келтірілмек. Әр он үйге бір белсендіні бекітіп қойдық. Олар тұрғындардың талап-тілектерін жеткізіп, арада байланыс орнату үшін қажет" , - деді Еркебұлан Дауылбаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тағы Арысқа ат басын бұрған Мамин қалаға апта сайын келіп тұратындарын айтты