Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбек Тұяқбаев Сағынтаевтың орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bil-edu.kz
Фото: bil-edu.kz: Twitter

Тұяқбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Түркияда Таяу Шығыс техникалық университетін, 2004 жылы Канадада Торонто университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, РФ-дағы ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік етті.

2016 жылдың қазан айынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болды.

2017 жылғы қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін "Kazakh Invest "ҰК"АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1804110-saparbek-takbaev-sagyntaevty-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy/

pixel