Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та қайтыс болған келіншек нәрестенің дүниеге келуіне септігін тигізді

Опубликовано:

АҚШ-тың Ойаго штатында алғаш рет әйел адам қайтыс болған келіншектің жатырын ауыстырып салғаннан кейін дүниеге сәби әкелді. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Giuseppe Graziano / Globallookpress.com
Фото: Giuseppe Graziano / Globallookpress.com: Facebook

Ғалымдар 10 әйел қатысқан тәжірибе барысында көз жұмған келіншектің жатырын пайдаланған. Олардың әрқайсысы жатырдағы бедеулікпен ауырады.

Өлген адамдар жатыр доноры бола ала ма деген сұраққа жауап іздеген зерттеушілер 2015 жылдан бастап бес ота жасап, үшеуін сәтті өткізген.

Осындай трансплантацияның нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында АҚШ-та бір бала дүниеге келді.

Қазіргі уақытта екі пациент эмбрионды ауыстыруды жоспарлап отыр, ал басқа да бірнеше адам ағзаны трансплантациялау үшін кезекте тұр.

Әдетте, жатыр донорлары тірі адамдар болады. Зерттеушілер олардың жаңалығы бедеулікті емдеудің балама тәсілі болуы мүмкін деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1804114-o-dnielik-bolgan-kelinsek-nresteni-dniege-keluine-septigin-tigizdi/

pixel