RU
Украиналықтар Порошенконы митингтен қуып жіберді (видео)

Украиналықтар Порошенконы митингтен қуып жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Украинада Свалява қаласының тұрғындары бұрынғы президент Петр Порошенконы сайлауалды митингтен қуып жіберді. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ru.axar.az

Фото: ru.axar.az

Бейнежазбадан "Ұят" деген айғайлар естіледі. Ал адамдар Порошенконы қолынан, күртесінен ұстап алған. Тіпті, тұрғындардың бірі экс-президент "әскерді де, барлығын тонады" деген пікір де айтып қалған.

8 шілде күні мемлекеттің бұрынғы басшысын өз митингінен Хмельницкий қаласының тұрғындары қуып жіберген. Сол кезде де Порошенко іс-шараны тастап кетуге мәжбүр болған.

Киев халықаралық әлеуметтану институты жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша Порошенко украиндықтардың антипатия рейтингін басқарды. Респонденттердің 70,9 пайызы оны теріс бағалап отыр. Сұралғандардың 12,7 пайызы ғана бұрынғы президентті қолдап отыр.

Порошенко 21 шілдеде өтетін Жоғарғы Радаға сайлау алдында "Еуропалық ынтымақтастық" партиясымен ел бойынша тур өткізіп жатыр.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Сіздің реакцияңыз
19
1
0
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel