Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасыға өлең арнаған ақын қатты сынға қалғанын айтып, көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Елбасына өлең арнап, желіде танылған ақын Балтабек Нұрғалиев өз тарапына айтылған жұрттың сынына жауап берді. "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында шындығын айтқан жас жігіт көзіне жас алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балтабек Нұрғалиев. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Балтабек Нұрғалиев. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ақынның айтуынша, әлеуметтік желідегі теріс пікірлер өзін шаршатып жіберген.

"Әлеуметтік желілерде мені жерден алып, жерге салып жатады. Кездескенде де бетіме айтады.

Қарғап-сілеп, айтылған кір сөздер адам баласын кішкене қажытып жібереді. Мен содан шаршадым...

Бірақ менің өлеңдерімнің барлығы поэтикалық тұрғыда, әдебиет теориясы мен әдебиет тарихының шеңберіндегі дүниелер.

Мен білімнен, теориядан, тарихтан аттап, ештеңе жасап жатқан жоқпын", - деді көңілі босаған жігіт.

Сондай-ақ, Балтабек Нұрғалиев елбасы жайлы өлеңдерді не үшін шығарғанын түсіндірді.

"Елбасыға арнап өлең шығарғаным рас. Елбасымыздың інісі Болат Назарбаевқа да өлең арнап, кітаптар жазғаным да рас.

Ол кітапты өз дәрежесінде жазып шыққаным да рас. Жазған кітабым өзіме ұнайды. Оны шығармашылығымның бір биік белесі деп көремін.

Шапырашты деп бөліп қарауға болмайды. Бәріміз бір қазақпыз ғой. Азбыз. Бір-бірімізді мақтамағанның еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын.

Болат Назарбаевтың жетім-жесір, қамқорлыққа мұқтаж жандарға, балалар мен аналарға жасаған дүниесін қазақ үшін жасалған деп есептеймін.

Өте мұқтаж адамдарға үнемі қол ұшуын беруі маған әсер етті. Менің кітап жазудағы басты себебім осы. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген бар ғой", - дейді жас ақын.

Естеріңізге сала кетейік, жас ақын осыған дейін өзінің 18 мың ғаламды тіліне сыйдырған адам екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804133-elbasyga-le-arnagan-akyn-katty-synga-kalganyn-ajtyp-kzine-zas-aldy-video/

pixel