RU
Украиналық тыңдарман өсірген ерекше гүлін Димаштың құрметіне атады (фото)

Украиналық тыңдарман өсірген ерекше гүлін Димаштың құрметіне атады (фото)

Рассказать Вконтакте

Украиналық ирис селекционері Алла Михайловна Черногуз 2018 жылы шыққан ирис сұрыптарының бірін танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алланың айтуынша, ғажайып, жүрекшесі бар аппақ ирис Димаштың даусы сияқты жарқын әрі таза.

Ал өткен жылы шыққан екінші сұрып қазақстандық үшін ерекше әрі танымал әннің құрметіне "Дайдидау" атауына ие болған. Бұл нәзік қызғылт реңі бар ирис те адам таң қаларлық көрікке ие.

Әсем гүлдердің екі сұрыптары The American Iris Society (Америкалық ирис өсірушілер қоғамында- авт) патенттелген.

Димаштың сенімді табынушысы Светлана Гончарова әншінің жақын досы Айсұлтан Дүйсенбаев арқылы иристің сертификаты мен бөліктерін оның жанұясына жолдаған. Ал үлестердің бір бөлігі әртістің қазақстандық фанаттарына жіберілді.

Олар желіде гүлдің көркемдігіне тамсанып, алғыстарын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel