Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада ер адам полиция тоқтатқаннан кейін жұмбақ жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Қызылорда тұрғыны полиция қызметкері ұстаған кезде қайтыс болды деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Полицияның мәліметінше, 10 шілде күні 43 жастағы Қызылорда тұрғына мас күйінде көлікті тізгіндеген.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге заңды түсіндіріп, қызметтік көлікке апара жатқан уақытта ер адам есінен танып қалған.

Олар оқиға орнына жедел жәрдем қызметін бірден шақырған. Алайда ер адам дәрігерлер келгенше көз жұмған деп хабарлайды басылым.

Құзырлы орган қазіргі уақытта кісі өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталады", - дейді полиция қызметкерлері.

Болған жағдай полиция көлігінің видео тіркеуішіне жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804139-kyzylordada-er-adam-policia-toktatkannan-kejin-zmbak-zagdajdy-kz-zmdy/

pixel